🚀 Алақай, каникул! «Жұлдызды Жаз» лагерінің басталуы және «GRAFITTI FALLS» әлеміне саяхат! ☀️🎉
Жаз мезгілі барынша көңілді, жарқын әрі қызықты басталды! Бүгін біздің мектеп-интернатымыз «Жұлдызды Жаз» мектеп жанындағы күндізгі лагерь қатысушыларына өз есігін айқара ашты. Алда балаларды 15 күндік керемет шытырман оқиғалар, жаңа достар және тамаша демалыс күтіп тұр!
Ал алғашқы күнді біз өте көңілді қарсы алдық! 💥 Балалар құпия мен қызыққа толы «GRAFITTI FALLS» ойын бағдарламасының ерекше атмосферасына еніп кетті.