Наурыз мейрамына арналған фольклорлық-ойын бағдарламасы өте тамаша өтті. Бұл шара халықтық дәстүрлерге, көңілді мереке мен ізгілікке толы нағыз рухани кеш болды.
Мерекенің басты кейіпкерлері ретінде қазақ фольклорының сүйікті тұлғалары — тапқыр Алдар Көсе, сұлу Айсұлу және көктем символы — Көктем аруы бой көрсетті. Оқушылар олармен бірге ойын, ән мен биге толы қызықты саяхатқа шықты.
Мереке барлық қатысушылардың басын біріктіріп, қуаныш, достық және көктемгі жаңару атмосферасын сыйлады. Іс-шараның ең ерекше сәті — Қыдыр атаның келуі болды. Ол жиналғандарға бата беріп, жаңа жылда денсаулық, бақ-береке және бақыт тіледі.
Крылова Ю.В., Мысыкбаева А.К., Жалелова А.Е.






