«Лабубу және сиқырланған Туған күн»

«Лабубу және сиқырланған Туған күн» ойын бағдарламасы форматында көктемгі туған күн иелерінің мерекесі өте жарқын әрі көңілді өтті. Балалар ертегі әлеміне еніп, онда өздерінің сүйікті кейіпкерлері — Лабубу, Эльза және Аннамен қауышты.

Мерекенің сюжеті бойынша Туған күн сиқырланып, мұз болып қатып қалған екен. Сондықтан қатысушыларға салтанатты шараны «еріту» үшін қызықты сынақтардан өту қажет болды. Балалар ойындарға, конкурстар мен тапсырмаларға белсене қатысып, кейіпкерлерге жылулықты, қуаныш пен мерекелік көңіл-күйді қайтаруға көмектесті.

Крылова Ю.В., Мысыкбаева А.К