8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Жарық күнім – анашым» атты мерекелік бағдарлама жылы әрі салтанатты жағдайда өтті. Шара ұжымның аяулы арулары мен нәзік жандыларына арналып ұйымдастырылды.
Мерекенің салтанатты бөлімінде мектептің дамуына қосқан үлесі, кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегі үшін әйелдер қауымын марапаттау рәсімі өтті. Оларға Алғыс хаттар табысталып, шынайы ризашылық пен құрметке толы лебіздер білдірілді.
Кеш тізгінін ұстаған ер-азаматтар интерактивті тапсырмалар мен әзіл-шыны аралас ойлары арқылы әйелдердің қоғамдағы рөлі, олардың мейірімі, даналығы мен сұлулығы туралы сөз қозғады.
Мерекелік көңіл-күйді анаға деген алғыс пен жылулыққа толы тебіреністі әндер, ертегі желісіндегі театрландырылған қойылым және оқушылардың ыстық құттықтаулары одан әрі асыра түсті.






