«Біз біргеміз» ұжымдық аппликациясы

🎨 Шығармашылық шеберхана
«Біз біргеміз» ұжымдық аппликациясы
Тәрбиешілер онкүндігі аясында «Біз біргеміз» тақырыбында шығармашылық шеберхана ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың достық, бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Аппликация барысында балалар түрлі түсті бояуларды пайдаланып, ортақ композиция жасады. Әр оқушы өз үлесін қосып, бірліктің символын бейнеледі. Нәтижесінде «Біз біргеміз» атты мағыналы әрі әдемі шығармашылық жұмыс пайда болды.
✨ Бірлік бар жерде – тірлік бар!
✨ Татулық – табылмас бақыт!
✨ Біз біргеміз – біз күштіміз!
Осындай іс-шаралар арқылы балалар достықтың қадірін түсініп, өзара сыйластық пен қолдаудың маңызын сезінеді.