2026 жылдың 2 маусымы күні жазғы лагерьде «Спорт күні» өтті.

Мақсаты: жарыс әрекеттері арқылы балалардың бойында салауатты өмір салтына (СӨС) деген қызығушылықты қалыптастыру. «Денсаулық соқпағы» квест-ойыны ұйымдастырылып, «Мен чемпионмын!» эстафеталары өтті. Балалар ойындар мен эстафеталарға белсене қатысты. Іс-шара жоғары құлшыныс, достық пен әділ бәсекелестік атмосферасында өтті.