🔔 Салтанатты жиын: «Соңғы қоңырау сыңғыры»

Мектебімізде оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау сыңғыры» атты салтанатты іс-шара өтті.

Жиын барысында 4-ші және 10-сынып түлектеріне мұғалімдер мен тәрбиешілер ақ тілектері мен жылы напутстік сөздерін арнады.

Мектеп басшысы Г.К. Кабулова оқушыларға жақсы оқуы, мектеп өміріне белсене араласқаны және қол жеткізген жетістіктері үшін грамоталар табыс етті. Сондай-ақ, бала тәрбиесіне белсене атсалысқан ата-аналарға ерекше алғыс білдіріп, Алғыс хаттар берілді. ✨