Отан қорғаушылар күніне орай мектебімізде әскери-патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында «Жас сарбаз» атты конкурстық-ойын бағдарламасы ұйымдастырылды.
Жас сарбаздарымыз өздерінің ептілігі мен төзімділігін келесі кезеңдерде сынап көрді:
🌅 «Таңғы ояну»
🛠 «Сегіз қырлы, бір сырлы»
🎯 «Дөп тигізу»
🏃♂️ «Кедергілер жолағы»
Сайысқа белсене қатысқан Онищенко М., Нұрақын Қ., Нурмаганбетов А., Кукуруза Н., Канаш А. арасынан оқ бойы озық шығып, барлық сынақтардың қорытындысы бойынша Нұрақын Қ. жеңімпаз атанды! 🏆
Құттықтаймыз! Болашақ қорғаушыларымыз аман болсын!✨










