«№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.
📌 Білім алушыларды қабылдау «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
📅 Құжат қабылдау мерзімі:
✔️ 2026 жылғы 18 маусымнан 31 тамызға дейін
✔️ оқуға қабылдау 2026 жылғы 31 тамыздан кешіктірілмей жүргізіледі
💻 Өтініш электрондық үкімет порталы арқылы қабылданады.
📂 Баланы арнайы білім беру ұйымына қабылдау үшін қажет құжаттар:
✅ психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы;
✅ ата-анасының (заңды өкілінің) портал арқылы берген өтініші;
✅ оқытуды ұйымдастыру бойынша медициналық ұсынымдары көрсетілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) қорытындысы.
❗ ПМПК қорытындысы – баланың арнайы білім беру ұйымында білім алу қажеттілігін растайтын негізгі құжат болып табылады.
📞 Анықтама телефоны: 8 (71837) 3-02-05