Наурыз – береке мен бірліктің мерекесі! 🌷✨

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында мектепте ерекше дәмді әрі қызықты «Бауырсақ Fest» байқауы өтті. Салт-дәстүрімізді ұлықтап, ұлттық тағамның дәмін паш еткен бұл сайысқа ата-аналарымыз өте белсенді қатысты.
🔥 Көптен күткен байқау нәтижесі бойынша:
🏆 БАС ЖҮЛДЕ – 0-1 сынып ұжымына бұйырды!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Көрсеткен шеберліктеріңіз бен атсалысқан ынталарыңыз үшін алғыс айтамыз. Дастарханымыз аққа, көңіліміз шаттыққа толы болсын!