Бүгін, 23 қаңтар күні, Ата-аналарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Цифрлық қауіпсіздік және онлайн-ортада баланы қорғау» тақырыбында маңызды іс-шара өтті.
💻 Қазіргі таңда интернет әлемі тек білім көзі емес, сонымен қатар қауіп-қатердің де мекені. Сабақтың басты мақсаты – ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттырып, балаларды онлайн зорлық-зомбылықтан қорғауды үйрету.
Сабақ барысында талқыланған басты тақырыптар:
🌐 Интернеттегі зорлық-зомбылықтың түрлері мен қауіптері;
🛡 Баланы кибербуллингтен қорғау жолдары;
📱 Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру.
Ұйымдастырушылар: Тусупбекова Д.Е., Усенова Ж.Т., Ерболатова А.Е.







