Тәуелсіздік – ең асыл, ең қымбат құндылық!

Тәуелсіздік – ең асыл, ең қымбат құндылық!
Тәуелсіздік – әр халықтың аңсаған арманы. Қазақ халқы да ғасырлар бойы еркіндікке ұмтылып, азаттық үшін күресті. Сол арман 1991 жылдың 16 желтоқсанында орындалып, еліміз Тәуелсіз Қазақстан ретінде дүниеге келді.

Бұл күн – халқымыздың мәңгілікке дербес ел ретінде танылған тарихи белесі. Бүгінгі бейбіт өміріміз, дамып келе жатқан мемлекетіміз – ата-бабамыздың ерлігі мен жанқиярлық күресінің жемісі.

Біз Тәуелсіздікті бағалап, оны сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттауымыз керек!

Тәуелсіздік – болашақтың кепілі!