География сабағы Тәжірибе: Тұзды судың қасиеті.
6-сыныпта «Теңіздер мен өзендер» тақырыбында қызықты география сабағы өтті. Сабақ барысында оқушылар тек теориялық мәліметтермен ғана танысып қоймай, сонымен қатар тұзды судың бір маңызды қасиетін — оның тұздылығы мен жүзу қабілетіне әсерін — тәжірибе арқылы көз жеткізді.
Мұндай сабақ бізге не берді:
🌊 Практикалық жұмыс арқылы материалды жақсы меңгерді
🧠 Табиғи құбылыстарды түсініп, қорытынды жасауға үйренді
🗺 География пәніне және тәжірибелерге қызығушылығы артты