Бүгін мектеп-интернатымыздағы Ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету орталығы «Жеке қауіпсіздік және баланы зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбында кезекті тәжірибелік дәріс сабағын өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты:
- Ақпараттандыру: Ата-аналарға балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың түрлері, оның ерте белгілері және алдын алу жолдары туралы толық ақпарат беру.
- Тәрбиенің маңызы: Отбасындағы сенімді қарым-қатынас пен тәрбиенің баланың психологиялық денсаулығына әсерін түсіндіру.
- Бірлескен жұмыс: Бала құқығын қорғау мәселесінде ата-ана мен мектептің тығыз ынтымақтастығын нығайту және насихаттау.
Балаларымыздың қауіпсіз, бақытты әрі құқығы қорғалған ортада өсуі үшін мектеп және ата-ана бірлесе жұмыс істеуі қажет. Әр ата-анаға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз! 🙏
