🏦 Қаржы Әлеміне Саяхат: Halyk Банкінде! 💰

ҚР Ұлттық валюта күнін мерекелеу аясында мектеп оқушылары “Halyk” банкінің филиалына танымдық саяхат жасады! 🥳
Балалар еліміздегі ірі қаржы мекемелерінің бірінің жұмысымен танысты. Олар теңгенің тарихы, даму кезеңдері және заманауи банктік технологиялар туралы білім алды. Банк қызметкерлері негізгі бөлімдерді көрсетіп, қаржы саласына қатысты мамандықтар туралы айтып берді.
Оқушыларды әсіресе қолма-қол ақшасыз төлемдердің заманауи әдістері мен банк қауіпсіздік жүйелері ерекше қызықтырды. Бұл болашақ финансистер үшін тамаша тәжірибе болды! 💡