Қауіпсіздік онкүндігі аясында мектебімізде №12 өрт сөндіру бөлімі мамандарымен бірлесіп жаттығу эвакуациясы өткізілді.
⠀
🧯 Дабыл белгісі бойынша мектеп қызметкерлері мен оқушылары ғимаратты уақытылы және тәртіппен тастап шықты.
⠀
✅ Мақсаты – төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерді пысықтау.
✅ Нәтижесі – барлығы тапсырманы сәтті орындады!
⠀
Мұндай шаралар оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, кез келген жағдайға дайын болуға көмектеседі.






