Біздің мектепте Отбасы күніне орай оқушылардың ата-аналарымен жылы жүздесулер өткізу дәстүрге айналған.
Биылғы кездесудің қадірлі қонақтары – 10-сынып оқушылары Дмитрий мен Максим Онищенконың отбасысы болды.
✨ Анасы – Галина Михайловна,
✨ Әкесі – Сергей Юрьевич
және ✨ әжесі – Надежда Никифоровна өз отбасының тарихымен бөлісіп, өмірлік құндылықтары жайлы сыр шертіп, бәрімізді тәнті еткен музыкалық нөмірді орындады! 🎶💖
Дәмді тәттілермен өрілген дастархан кешке ерекше сән берді.
Осындай жүрекке жылу сыйлайтын сәттер көп болсын!