Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешудің ең тиімді және қызықты жолы қандай?
🤔 Біздің мектепте «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» халықаралық науқаны аясында «Стоп кадр: финалды таңда!» атты интерактивті Форум-театр өткізілді.
🎭 Басты идея: Көрермендерді мектеп ортасында туындауы мүмкін әлеуметтік проблемаларды шешуге белсенді түрде тарту.
Іс-шара барысында оқушылар нақты жағдаяттарды көріп, өз шешімдерін ұсынды.
Мәселелерді талқылауға біздің педагог-сарапшылар әрбір жағдайға баға беріп, дұрыс шешім жолдарын көрсетті.
Біздің қорытынды: Әрбір мәселенің шешімі бар, егер оны бірге іздесек!






