Қажетті, маңызды әрі пайдалы.
Әр еңбек құрметке лайық,
Әр істің өз қызығы бар!
Мектепте оқушыларды кәсіби бағдарлауға және олардың мамандықтар әлемі туралы түсініктерін кеңейтуге бағытталған «Мамандықтар марафоны» атты бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шара барысында оқушылар еңбек қызметінің түрлі бағыттарымен танысып, әр мамандықтың ерекшелігі мен маңыздылығы туралы білді.
Жәрмеңкенің ерекшелігі сол — оқушылар шығармашылық бейнелер мен шағын презентациялар арқылы таңдаған мамандықтарын көрсетіп, түрлі сала мамандарының рөліне енді. Мұндай формат қатысушыларға шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік дағдыларын көрсетуге және өзінің кәсіби болашағы туралы ойлануға мүмкіндік берді.







