«Құқықтық білім апталығы»туралы есеп

2026 жылғы 2-6 ақпан аралығында  «арнайы мектеп-интернат № 3» КММ «Құқықтық білім апталығы» өткізілді.
Мақсаты: Балаларды Бала құқықтары туралы Конвенцияда бекітілген құқықтар мен міндеттермен таныстыру, өз құқықтарына деген жауапкершілікті сезінуге ықпал ету.
Құқықтық білім апталығының басында «Тұлпар» атты стенгазета әзірленіп, балаларды өз құқықтары мен міндеттерін білуге шақыру мақсатында ұсынылды.
Апталықтың ашылуы мектептің жалпы линеясынан басталды, мұнда әлеуметтік педагог құқықтық білім апталығының жоспары туралы таныстырды.

2026 жылғы 2 ақпан күні тәрбиешілер  А.С. Айткужина , Н.Ж. Сыздықова «Мектепте тәртіп ережелері» тақырыбында 1-4 сыныптар үшін тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларда мектептегі тәртіп ережелері туралы түсінік қалыптастыру.

2026 жылғы 3 ақпан күні тәрбиеші А.Е. Ерболатова «Заң және құқық» тақырыбында 9-10 сыныптар үшін тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларды заң және құқық ұғымдарымен таныстыру, адам құқықтары мен міндеттері, тәртіп ережелері туралы түсінік қалыптастыру.

2026 жылғы 3 ақпан күні учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Б.А. Кашенов  5-10 сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық және оның салдары» тақырыбында әңгіме өткізді.

Мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілік сезімін арттыру.

2026 жылғы 4 ақпан күні тәрбиешілер Бекет Е.,  А.Е. Жалелова , М.О. Сагитова  5-9 сыныптарда «Бала құқықтары» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: Балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және күрделі өмірлік жағдайларда өз құқықтарын сауатты қорғау дағдыларын қалыптастыру.

2026 жылғы 4 ақпан күні 0-4 және 5-6 сыныптарда «Мама для мамонтенка» мультфильмі көрсетілді. Жауапты тәрбиешілер:  И.В. Иващенко , С.И.Бекшебаева .

Мақсаты: Балаларды отбасы құқығымен (мультфильм үлгісінде) қолжетімді түрде таныстыру. Отбасы – бірге өмір сүретін, бір-бірін жақсы көретін және бір-біріне қамқор болатын жандар екенін түсіндіру.

2026 жылғы 6 ақпан күні 7-10 сыныптар арасында «Құқықтық квест» интеллектуалдық ойыны өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтар, міндеттер мен жауапкершілік туралы түсініктерін қалыптастыру, командалық жұмыс дағдыларын дамыту.

Іс-шара ойын түрінде ұйымдастырылды. Ойынға екі команда қатысты.

Бірінші кезең – «Дұрыс – бұрыс» викторинасы. Командаларға мысалдар ұсынылып, олар «дұрыс» немесе «бұрыс» карточкаларын көтеру арқылы жауап берді.
Екінші кезең – «Заңды немесе заңсыз» ойыны. Командаларға түрлі әрекеттер жазылған карточкалар таратылды.
Үшінші кезең – «Не істеу керек?» кейсі. Командаларға жағдаят ұсынылып, дұрыс шешімін табу қажет болды.
Төртінші кезең – «Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі». Берілген жағдаяттар бойынша кестені толтырып, жауапкершілік түрін анықтау тапсырылды.
Бесінші кезең – «Құқықтық жағдаят». Командалар жағдаяттарды алып, 3-4 минут талқылап, кезекпен жауап берді.
Алтыншы кезең – үй тапсырмасы «Құқықтық жағдаяттар». Әр команда алдын ала дайындалған жағдаяттарды сахналық көрініс түрінде көрсетіп, жауапкершілік түрін анықтады.

Ойын соңында әлеуметтік педагог тарапынан сұрақтар қойылып, оқушылар өз пікірлерін білдіріп, талқылау жүргізді. Қатысушылар барлық кезеңдерден өтіп, түрлі тапсырмаларды орындады. Балалар қызықты квест-ойынға белсенді әрі ынтамен қатысты.

Алға қойған мақсаттарға қол жеткізілді, іс-шара жоспары толық орындалды, материал оқушыларға түсінікті әрі қолжетімді болды. Ойын соңында командалар грамоталармен марапатталды.

Жоспарға сәйкес барлық жоспарланған іс-шаралар өткізілді және әлеуметтік желілерде жарияланды.