Қолдан келгенше қамқорлық! ❤️

«Қамқор» жобасы жас шеберлердің басын қосты. Олар тек құс ұясын жасап қана қоймай, қоршаған ортаға деген шынайы махаббаттарын дәлелдеді. 🌿

Осы байқауда оқ бойы озық шығып, І ОРЫНДЫ иеленген Попов Никитаны жеңісімен құттықтаймыз! 🥳 Оның қолынан шыққан туынды енді құстардың жылы мекеніне айналады. 🏠🐦

Бұл жетістіктің артында үлкен дайындық пен отбасылық қолдау тұр. Никита бұл жұмысты ата-анасымен бірлесе отырып, ерекше ұқыптылықпен дайындады. Баланың бойына мейірімділік пен еңбекқорлықты егіп, осындай игі істе демеу болған ата-анасына алғысымыз шексіз! 🙏✨

Ұрпақ тәрбиесі мен табиғатты қорғау жолындағы ортақ еңбектеріңіз жемісті болсын! 👨‍👩‍👦🏆

#ҚамқорЖобасы#АдалАзамат