«Қамқор» жобасына қатысқан әрбір оқушы біз үшін нағыз жеңімпаз! Себебі, олардың әрқайсысы табиғатқа деген жанашырлығын іспен дәлелдеді.
Байқауға белсене қатысқан барлық оқушылар арнайы грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. 🍫✨ Бұл кішігірім сыйлықтар балалардың еңбегі мен мейірімділігіне деген біздің алғысымыздың белгісі.
Қатысқандарың үшін рақмет, жас достар! Сендердің жасаған әрбір қоректендіргіштерің — құстар үшін үлкен көмек! 🕊️🏡
#ҚамқорЖобасы#Белсенділік#АдалАзамат