Пластилинография «Қазақстан туы»

🟦 «Мастерилка» үйірмесі: Пластилинография «Қазақстан туы»

5–6 және 8–10 сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына арналған шығармашылық сабаққа белсенді қатысты. Балалар пластилинография техникасын қолдана отырып, ел рәмізін өз қолдарымен бейнеледі.

Сабақ барысында оқушылардың ұсақ моторикасы, шыдамдылығы мен шығармашылық ойлауы дамып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметі мен патриоттық сезімі қалыптасты.

👩‍🏫 Үйірме жетекшісі: *Бекшебаева С.И.