Зверополистегі жаңа жылдық шытырман оқиғалар

Жаңа жылдық ертеңгілік: «Зверополистегі жаңа жылдық шытырман оқиғалар»
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Зверополистегі жаңа жылдық шытырман оқиғалар» атты ертеңгілік өтті. Бағдарлама желісі бойынша полиция қояны Джуди мен түлкі Ник балалармен бірге жұмбақ рептилияның ізіне түседі. Нәтижесінде қылмыс ашылып, Гэри атты сұр жылан қолға түсті. Ол Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен өз өкілеттігін Отты Жылқыға табыстады.
Мерекені ұйымдастыруға атсалысқаны үшін Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің шығармашылық ұжымына алғыс білдіреміз.