Ата-аналармен кездесу «Қауіпсіздік пен сенім – тірек қалыптастырамыз» ✨

24 қазан күні “Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы” аясында ата-аналармен кездесу өтті.
Мақсаты – баланың бойындағы жарақаттық тәжірибенің әсерін түсіндіру және ата-аналарға сенім мен қауіпсіздік ортасын қалыптастыру жолдарын көрсету 💬💛

Кездесуге қатысқан ата-аналар тәжірибелік жаттығулар мен тренингтерге белсенді қатысып, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға дайын екендіктерін көрсетті 🌿