Арнайы білім беру қажеттілігі бар балалардың ойын әрекетіндегі белсенділігін дамыту

2025 жылғы 30 қазанда «№3 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де педагогикалық кеңес өтті. Тақырыбы: «Арнайы білім беру қажеттілігі бар балалардың ойын әрекетіндегі белсенділігін дамыту»
Кеңестің мақсаты – ойын әрекетін тиімді ұйымдастыру арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың белсенділігін арттыру мәселелері бойынша педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Кеңес барысында келесі міндеттер шешілді:

  • ЕБҚ бар балалардың ойын әрекетінің ерекшеліктері бойынша педагогтардың білімдері өзектендірілді
  • Балалардың ойын белсенділігін арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер жүйеленді
  • Педагогикалық үдерісте қолдануға арналған тәжірибелік ұсыныстар әзірленді.
    Педагогикалық ұжымның бірлескен жұмысы ерекше балаларға қолайлы, дамытушы орта қалыптастырудағы маңызды қадам болды.